Тоқаев: АҚШ - Қазақстаның сенімді серіктесі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілі Залмай Халилзадты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілі Залмай Халилзадты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келген АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілі Залмай Халилзадты қабылдады.

Кездесу барысында Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша Қазақстан мен Америка арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективалары, соның ішінде, АҚШ пен НАТО әскерлерінің осы елден шығарылу барысы қарастырылды. Сонымен қатар Ауғанстан мемлекетінің тұрақтылығы мен әлеуметтік-экономикалық дамуын қайта қалпына келтіру жөніндегі екіжақты және көпжақты іс-қимылдарды үйлестіру мәселесі де сөз болды.

Қазақстан Президенті америкалық дипломатқа  ілтипат білдіріп, оның бұл сапарының елдеріміз арасындағы жоғары деңгейдегі диалогты сақтау тұрғысынан маңызы зор екеніне тоқталды.

"Биыл біз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Осы уақыт аралығында біз достыққа және өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қатынастарды орната алдық. АҚШ – Қазақстаның сенімді серіктесі. Біздің әртүрлі бағыттар бойынша, соның ішінде, сауда және экономика салаларындағы белсенді ықпалдастығымыз жолға қойылған", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Ауғанстандағы ахуалды реттеу жөніндегі ынтымақтастықты Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара ықпалдастықтың маңызды бөлігі ретінде атап өтті.  

Президент Ауғанстанның, Ресейдің, Қытайдың, Орталық Азия мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен жүргізген келіссөздерінде ауған проблемасы үнемі назарда болатынын жеткізді.

Өз кезегінде Залмай Халилзад Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеке кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді. АҚШ-тың арнаулы өкілі Қазақстан Президентінің Ауғанстандағы тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған халықаралық іс-қимылдарға қосқан үлесін жоғары бағалап, еліміздің Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылықты сақтаудағы маңызды рөліне тоқталды.  

Әңгімелесу барысында Залмай Халилзад Ауғанстандағы қазіргі ахуалға баға беріп, ауғанаралық бейбіт процесті одан әрі дамытуға, ауған бағытындағы барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін үйлестіруге қатысты АҚШ дипломатиясының ой-пікірін ортаға салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro