Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісін қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісін қабылдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуға, сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі ел қауіпсіздік, орнықты даму, климат проблемасы, гуманитарлық байланыс және басқа да көптеген сала бойынша ынтымақтастық орнатқан.

Мемлекет басшысы экономикалық ықпалдастықты екіжақты қатынастардың негізгі тірегі ретінде атап өтіп, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, соның ішінде Инвестиция тарту жөніндегі кеңес қызметі аясында нығайту қажет екенін айтты.

Сонымен қатар кездесуде сауда, көлік, логистика, "жасыл" энергетика, экология, тау-кен өндіру өнеркәсібі салаларындағы байланыстарды арттыру мүмкіндіктері талқыланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети