Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Президент мұнда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады. Сонымен қатар, жаңадан пайдалануға берілетін Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысады", - деп жазды Берік Уәли.
11 қазанда Қазақстан Президенті Түркіменстанға жұмыс сапарымен барады, онда Ашхабадтағы ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады.