Тоқаев Алатауда Дубай мен Сингапурдың инвестициялық моделін пайдалануды ұсынды

Тоқаев Алатауда Дубай мен Сингапурдың инвестициялық моделін пайдалануды ұсынды Фото:depositphotos.com/ alex7021

Президент отандық бизнес өкілдері қаланы дамытудың бел ортасында жүруі қажет екенін айтты. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Президент отандық бизнес өкілдері қаланы дамытудың бел ортасында жүруі қажет екенін айтты. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Президент өзіне 50-ден аса инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталғаны туралы баяндалғанын айтты. Жалпы көлемі екі триллион теңгеге жуық қаржы құйылған бастамалар аясында 50 мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ.

"Алдағы бір-екі жыл ішінде басым салаларға инвесторлар тарта отырып, аталған портфельді кеңейте түсуіміз керек", - деді Президент.

Жарнама
Жарнама

Президент отандық бизнесті ынталандыруға баса назар аударылғаны жөн екенін айтты. Бизнес өкілдері сырттан бақылаушы болмай, қаланы дамытудың бел ортасында жүруі қажет.

"Мұның маңызы зор. Өйткені, Шэньчжэнь секілді қалалардың тәжірибесі алғашқы онжылдықта шаһардың өркендеуіне жұмсалған инвестицияның басым бөлігін сыртқы емес, ішкі салымдар құрағанын көрсетіп отыр. Шэньчжэнь, Хайнань, Дубай, Сингапур сияқты қалалардың бәрінде мемлекет алғашқы инвестор ретінде базалық инфрақұрылым қалыптастырып берді. Осылайша, бизнесте тәуекел азайып, тиісті жағдай жасалатын орнықты инвестициялық цикл іске қосылды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Үкімет бастапқы кезеңде қаланың негізгі инфрақұрылымын дамыту мақсатында тұрақты түрде қаржы бөліп отыруы керек.

"Жалпы, мұндай инвестициялық тәсіл – әбден орынды және ойға қонымды. Мемлекет инфрақұрылымға инвестиция салса, жеке капитал да келе бастайды. Соның арқасында салық түсімі артады, жаңа инфрақұрылым пайда болады. Осылайша, қолға алынған жұмыстың ауқымы кеңейе береді. Ал негізгі инфрақұрылымға бастапқы инвестиция салу міндеті тек жеке секторға ғана жүктелсе, жобалардың инвестициялық тартымдылығы әлсірейді. Мұндай жағдай тарифі жоғары монополия құрылымдарының пайда болуына әкеп соқтырады және ақыр соңында дамуды тежейді. Сондықтан Үкімет бастапқы кезеңде қаланың негізгі инфрақұрылымын дамыту мақсатында тұрақты түрде қаржы бөліп отыруы керек. Басқа жол жоқ".

Президент қажет болса, орнықты кіріс қоры қалыптасқанша Алатауға қосымша лимиттерді және мемлекеттің кепілдігімен қарыз алу құқығын беруге болатынын мәлімдеді.

"Дегенмен бюджет қаржысы тек инвестициялық мақсатқа сай жұмсалуға тиіс. Қаланың ұзақмерзімді даму бағдары басты назарда болуы керек", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама