“Салық жеңілдіктері мен оңтайлы тетіктер“: Президент Алатауда бизнесті қандай мүмкіндіктер күтетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Салық жеңілдіктері мен оңтайлы тетіктер“: Президент Алатауда бизнесті қандай мүмкіндіктер күтетінін айтты Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатауды дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатауды дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Алатау құрылысының негізгі қағидалары жаңа Конституцияға енгізілгенін атап өтті.

"Бүгін біз Алатау қаласын дамыту бойынша өзекті мәселелерді талқылаймыз. Баршаңызға мәлім, мен осыдан екі жыл бұрын болашақ қаласы – Алатау шаһарын салу туралы шешім қабылдадым. Бұл жобаның тұтас еліміз үшін стратегиялық маңызы зор. Біз осы қалаға инвестиция тартып, оны бизнестің және инновацияның жаңа орталығы ретінде дамытатын болдық. Осы жерде өмір сүру, жұмыс істеу азаматтарымызға, әсіресе, өскелең ұрпаққа мол мүмкіндік бермек. Сондықтан Алатау қаласы құрылысының негізгі қағидалары жаңа Конституцияға енгізілді. "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" конституциялық заң қабылданды", - деді Мемлекет басшысы.

Президент осы тұста бірнеше маңызды мәселені пысықтап алу керек екенін айтты. Алдымен, осы кезге дейін жүргізілген жұмыспен танысып, жедел мәселелер мен ұзақ мерзімге арналған міндеттерге тоқталу қажет. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бір сөзбен, алдағы жұмыстың бағдарын айқындап алған жөн.

Мемлекет басшшысы Алатауды ресми түрде бірегей құқықтық мәртебесі бар "қарқынды дамитын қала" деп атауға болатынын айтты.

"Жалпы, Алатау қаласына қатысты кез келген мәселені жедел шешу үшін барлық қажетті жағдай жасалып жатыр. Қазірдің өзінде қаланың сапалы дамуына жол ашатын құқықтық негіз толық қалыптасты деп айтуға болады. Соның аясында салық жеңілдіктері ұсынылды, бақылау және реттеу тетіктері де бизнес жүргізу үшін оңтайлы бола түсті" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек, осы қалада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің құқықтары жан-жақты қорғалады, сондай-ақ цифрлық активтерді дамыту үшін қолайлы жағдай жасалады.

"Сондықтан бүгінде Алатауды ресми түрде бірегей құқықтық мәртебесі бар "қарқынды дамитын қала" деп атауға болады", - деді Президент.

Мемлекет басшысы жалпы облыстың даму қарқыны жаман емес екенін, тиісті жұмыс істеліп жатқанын атап өтті.

Былтыр өңірлік жалпы өнім көлемі 6,7 триллион теңге болып, 5,4 пайызға өсті. Қаңтар-сәуір айларындағы қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш бойынша аймақ 5 орында тұр.

Инвестиция тарту жұмысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері облыс экономикасына 266,2 миллиард теңге инвестиция салынды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 900 миллиард теңгеге жетті.

"Бірақ аграрлық сектордың әлеуеті әлі де толық игерілмей жатыр. Биылғы 4 айдың нәтижесі бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығының нақты көлем индексі 101,2 пайыз болды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Еске салсақ, 2 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды. Мемлекет басшысының жұмыс сапары Алатаудың даму жоспарымен танысудан басталды.

2 триллион теңгеге ондаған инвестициялық жоба: Тоқаев Алатаудың даму барысымен танысты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.15   569.58   6.85 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +26
Ақтау +18
Ақтөбе +17
Атырау +14
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +30
П
Павлодар +24
Петропавл +31
С
Семей +33
Т
Талдықорған +31
Тараз +35
Түркістан +18
О
Орал +30
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер