Тоқаев Alem.ai ашылғанын жариялады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Alem.ai ашылғанын жариялады видео кадры

Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2025 халықаралық форумында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai орталығы іске қосылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2025 халықаралық форумында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai орталығы іске қосылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Кеше Астанада Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті. Жиында білім беру мәселелері қаралды. Әлемге танымал сарапшылармен бірге адам капиталын дамыту мәселесі талқыланды, нақты міндеттер айқындалды. Ең бастысы, жасанды интеллект саласындағы тұңғыш зерттеу университетін құру туралы өте маңызды шешім қабылданды.

Сондай-ақ бүгін "Alem.ai" халықаралық жасанды интеллект орталығы өз жұмысын бастайды. Бұл орталықты инновациялар мен тың идеялардың мекені деуге болады. Жалпы, Қазақстан осы саладағы кез келген ынтымақтастыққа ашық. Сондай-ақ біз елімізде екінші суперкомпьютер кластерін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жасанды интеллект тек игі мақсатқа қызмет етуі керек. Адам игілігі басты орында тұрады. "Alem.ai" жасанды интеллектіні барынша тиімді әрі этикалық нормаларға сай қолданатын жаһандық орталық болуға тиіс. Жасанды интеллект технологиясын жауапкершілікпен қолдану өте маңызды. Сондықтан жаңа университет және "Alem.ai" орталығы біртұтас экожүйенің негізгі өзегі ретінде қызмет етуі керек", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети