Тоқаев әлемге белгілі кәсіпкер Ли Кай-Фуды қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев әлемге белгілі кәсіпкер Ли Кай-Фуды қабылдады Фото: Ақорда

Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Sinovation Venture жасанды интеллект институтының президенті, доктор Ли Кай-Фумен кездесуде озық технологияларды енгізудің стратегиялық маңызын атап өтті. Сондай-ақ әлемдегі жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасу цифрлық трансформациядағы өршіл мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететінін айтты.

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Кай-Фу жасанды интеллектті білім, денсаулық сақтау, энергетика және қоғамдағы басқа да түрлі салаларда пайдалану бойынша пікір алмасты.

Қытай мен АҚШ елдерінде жасанды интеллект саласын дамытуда және бағдарламалық өнімдер әзірлеуде бай тәжірибесі бар Ли Кай-Фу Қазақстанның IT бастамаларды енгізу, бәсекеге қабілетті технологиялық экожүйе құру ісіндегі әлеуетін жоғары бағалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети