Тоқаев әлемнің ең бай адамдарының бірін қабылдады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев әлемнің ең бай адамдарының бірін қабылдады

Мемлекет басшысы Adani Group компаниясының президенті Гаутам Аданиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Adani Group компаниясының президенті Гаутам Аданиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында ұзақмерзімді және стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Президент үндістандық мультиұлттық Adani Group конгломератының өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарына оң баға берді. Мемлекет басшысы Қазақстан көлік бағыттарын әртараптандыру жұмыстарын жүргізіп, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді дамытып келе жатқанын айтты.

Гаутам Адани Мемлекет басшысына компания энергетика, мұнай-химия, жаңартылатын энергия көздері және экономиканың басқа да маңызды секторларында Қазақстан тарапымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін айтты.

Айта кетейік, Гаутам Шантилал Адани - Bloomberg басылымы бойынша, әлемдегі ең бай адамдар тізімінде екінші орында тұрған үнді миллиардері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети