ҚР Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қажетті өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бұл туралы Алматыда өтіп жатқан "Адамның тұрақты дамуының жаңа парадигмасы. G-Global - ғаламдық диалог форматы" атты халықаралық конференция барысында айтты.
ҚР Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қажетті өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бұл туралы Алматыда өтіп жатқан "Адамның тұрақты дамуының жаңа парадигмасы. G-Global - ғаламдық диалог форматы" атты халықаралық конференция барысында айтты.
Парламенттің жоғарғы палатасының басшысы қазіргі заман әлемдік дамудың жаңа парадигмасын жасау қажеттілігін анықтап отырғанын айтты, оның ішінде халықаралық қатынастарда тең құқылылық пен өзара құрмет басты қағидалар болуы керек. Қасым-Жомарт Тоқаев соған байланысты он тезис ұсынды. Біріншісі - экономикалық қызметтің мәнін түзету қажеттілігі, оның айтуынша, ең алдымен экономиканың сандық өсіміне ғана емес, адам өмірі сапасының артуына, ғылымның, білім мен мәдениеттің дамуына көңіл бөлу қажет. Екінші тезис экологиялық факторды қайта бағалауға қатысты. Бұл орайда Тоқаев адамзаттың табиғи ресурстарды олардың қалпына келуінен екі есе жылдам пайдаланып отырғанын айтты.
Әлемдік дамудың үшінші тезисі, Сенат спикерінің пікірінше, адами капиталды дамыту болуы керек. Төртінші тезис байлар мен кедейлер арасындағы айырманың ұлғаюы және бұл теңсіздіктің сыбайлас жемқорлықты ушықтырып отырғаны туралы. Қасым-Жомарт Тоқаев әлемді дамытуға қатысты өз тұжырымдарының бесінші тармағы ретінде демографиялық өсімді атады. 2100 жылға қарай Жер тұрғындарының саны 7 миллиардтан 12,5 миллиард адамға дейін өспек, соған байланысты аштық пен ауызсу тапшылығын болдырмау үшін ауыл шаруашылығы ресурстарын рационалды түрде пайдалану мәселесі өзекті болады.
Әлемдік құрылыстың тағы бір тезисі әлемдік өркениет үшін әрбір мәдениеттің тең маңызды болуына қатысты. Келесі тезис - адамдарды, экономикаларды, мемлекеттерді бір-біріне қарама-қарсы қоятын қатаң бәсекелестіктен бас тарту туралы. Сегізінші тезис - қауіпсіздікке нұқсанын тигізуі мүмкін жағдайларды ескере отырып, жаңа әлемдік тәртіпті орнату. "Әлем үнемі өзгеріп отырады, БҰҰ Жарғысы 69 жыл бұрын қабылданған күйінде қатып қалды", - деді Тоқаев. Сенат спикері тоғызыншы тезис ретінде өркениеттер арасына жік түсуіне жол бермеу үшін терроризмге және экстремизмге қарсы күресуді атады.
Соңғы тезис ішкі саяси тұрақтылықты сақтау турасында. "Тәжірибе тұрақтылықтың кепілі әдетте демократия болатынын көрсетіп отыр. Бірақ демократияландыру - эволюциялық үрдіс, оны жасанды түрде жеделдетуге немесе таңуға әсте болмайды. Тарихи тәжірибені, әр мемлекеттің ұлттық ерекшелігін ескеру керек. Ауғанстан, Ирак, Ливия, Мысыр тәжірибелері демократия құруды тереңірек ойланып, әрі үлкен жауапкершілікпен қолға алу керектігін, төзімділік пен саяси ұстамдылық көрсете білу керектігін аңғартты", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.