Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде білім беру саласында реформалар қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде білім беру саласында реформалар қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Білім беруге келетін болсақ. Барлығы білімге негізделген. Нарық кейбір мамандарды қажет етеді, ал Білім және ғылым министрлігінің басқа нормативтік қажеттіліктері бар. Сіз тәжірибе жағынан қарап көріңіз. Бюрократ болмаймыз. Егер нарық басқа мамандарды талап етсе, сұраныстарға сәйкес стандарттарды өзгертіңіз", - деді Тоқаев бизнес-қоғамдастықпен кездесуде.
Президент мемлекет стандартты білім беру мен бағыттарын қайта өзгерту керек екенін айтты.
"Осыдан кейін ұлт пен өскелең ұрпақтың менталитетін қайта өзгерту керек. Бұл - біз бастан өткерген қасіреттен алынған сабақтардың бірі", - деді Тоқаев.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ" білім беру бағдарламасының бағытын өзгертетінін мәлімдегені хабарланды. Президент техникалық мамандықтар бойынша әлемнің жетекші университеттерінің филиалдарын ашу туралы мәселе қойғанын еске салды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!