Тоқаев Алматы облысында бірқатар азаматты марапаттады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Алматы облысында бірқатар азаматты марапаттады Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Алматы өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

  • "Парасат" орденімен Ұлттық қой өсірушілер одағы кеңесінің төрағасы Тынышбай Досымбеков;
  • "Құрмет" орденімен еңбек ардагері Виктор Иванович Волокитин;
  • "Ерлігі үшін" медалімен ТЖМ Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел-құтқару жасағы Қонаев қаласы құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Қуаныш Қайыржанұлы Қайыржан;
  • "Ерлігі үшін" медалімен ТЖМ Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің инженері Жасұлан Жақсылықұлы Нүсіпов;
  • "Ерен еңбегі үшін" медалімен "Оңтүстік агропаркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас агрономы Қали Жетібайұлы Қаңтарбаев;
  • "Ерен еңбегі үшін" медалімен Абай ауылындағы №2 орта мектебінің директоры Бәтима Кәлпеқызы Нысанбаева;
  • "Ерен еңбегі үшін" медалімен Жамбыл аудандық "Атамекен" газетінің аға тілшісі Рәпбек Сәдуақасұлы Терлікбаев наградталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети