Алматыда қоғамдық орындардағы жарықтың нашарлығы немесе мүлдем болмауы қылмыс қаупін арттырады. Бұл туралы қала жұртшылығымен кездесуінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда қоғамдық орындардағы жарықтың нашарлығы немесе мүлдем болмауы қылмыс қаупін арттырады. Бұл туралы қала жұртшылығымен кездесуінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент 2022 жылы Қазақстанда тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың бестен бір бөлігі Алматыда жасалғанын атап өтті. Олардың көпшілігі - ұрлық пен алаяқтық. Тоқаев мемлекеттің негізгі басымдығы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың өмірін, денсаулығы мен мүлкін қорғау болып табылатынын, сондықтан қаладағы қылмысқа берік тосқауыл қою керектігін айтты.
"Елімізде полиция қызметінің моделін енгізуге бағытталған жүйелі реформа басталғанын білесіздер. Алатау ауданында жүзеге асырылып жатқан пилоттық жоба жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Сондықтан келесі жылдың соңына дейін полицияға қызмет көрсететін сегіз орталық ашуды тапсырамын. Қаланың барлық аудандарында және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ведомствоаралық топтар құрылады. Мұндай қадам полиция бөлімшелеріне жүктеме түсіріп, олардың жұмысының тиімділігін арттырады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент құқық бұзушылық қаупін арттыратын негізгі факторлардың бірі - сапасыз жарықтандыру немесе оның қоғамдық орындарда жарықтың мүлдем болмауы екенін атап өтті.
"Әкімдік 2025 жылға дейін қала көшелері мен қоғамдық орындарды 100 пайыз жарықтандырумен қамтамасыз етуі керек", - деп қосты ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!