Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыны Шанхай ынтымақтастық ұйымының туристік және мәдени астанасы деп жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыны Шанхай ынтымақтастық ұйымының туристік және мәдени астанасы деп жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуінде сөйлеген сөзінде Тоқаев туризмді елдер мен халықтарды жақындастырудың ең тиімді құралдарының бірі деп атады. Президенттің айтуынша, ШЫҰ кеңістігі әлем халқының 45 пайызын қамтиды және әлеуеті әлі іске асырыла қоймаған үлкен туристік нарық болып саналады.
"Қазақстан бұл бағытта кешенді шараларды қолға алып жатыр. Өткен жылдан бастап біз Үндістан, Иран және Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгіздік, бұл біздің мемлекеттер арасындағы өзара туризмді дамытуға септігін тигізеді. Қазақстан төрағалық ету кезеңінде ШЫҰ-да мен Алматыны Шанхай ынтымақтастық ұйымдарының туристік және мәдени астанасы деп жариялауды ұсынамын", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, ШЫҰ-ның шексіз кеңістігі еуразиялық өркениеттің бесігі, ал мәдениеттер бірлігін бейнелейтін бірегей "шанхай рухы" оның баға жетпес байлығы болып саналады.
"Біздің ортақ мұраттарымыз бен құндылықтарымызды әлемде дәйекті түрде ілгерілету маңызды. Қазақ жері ежелден өркениеттер тоғысқан, дәстүрлер мен мәдениеттердің жалғасқан жері болып саналады. Ал бүгінде Қазақстан ортақ бай рухани мұраны сақтау және насихаттауға өз үлесін қосуға дайын.
Осыған байланысты біз "ШЫҰ-ның рухани қасиетті орындары" жобасын іске қосуды ұсынып отырмыз. Қазақстанда мұндай әлемдік маңызы бар киелі орын – көрнекті ойшыл Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Осынау ортағасырлық сәулет өнерінің айбынды ескерткішінің тұсаукесерін киелі Түркістан қаласында өтетін ШЫҰ-ның "Алтын Орда және оның мұрасы" конференциясында өткізуді жоспарлап отырмыз. Мұндай ауқымды шара өзге елдер арасындағы гуманитарлық тығыз байланысын орнатуға септігін тигізетініне сенімдімін", - деді Мемлекет басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!