Тоқаев Амангелді Айталының отбасына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Амангелді Айталының отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы ғалым, қоғам қайраткері Амангелді Айталының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы ғалым, қоғам қайраткері Амангелді Айталының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің II және III шақырылымдарының депутаты Амангелді Айталының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

"Амангелді Әбдірахманұлы ұзақ жылдар бойы білім және ғылым саласында жемісті жұмыс істеді. Соның ішінде Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында жоғары білікті мамандар даярлау ісіне мол еңбек сіңірді. Мәжіліс депутаты болған кезінде отандық заңнаманы жетілдіруге және парламентаризмді дамытуға атсалысты. Қажырлы қызметімен еліміздің өркендеп дамуына өз үлесін қосып, соңына жарқын із қалдырған Амангелді Әбдірахманұлының есімі мен бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - деп жазылған жеделхатта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети