Тоқаев Amazon корпорациясымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Amazon корпорациясымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Amazon корпорациясының вице-президенті Сьюзан Пойнтермен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Amazon корпорациясының вице-президенті Сьюзан Пойнтермен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әлемдегі ірі технологиялық компанияның өкілімен әңгімелесу барысында "бұлтты" технологияларды дамытуға және дата-орталықтар құрылысына қатысты өзара тиімді ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланды.

Президент Қазақстанның электронды үкімет саласындағы жетістіктеріне назар аударып, цифрлық саланы одан әрі жетілдіру үшін елімізге өз санатындағы ең мықты инфрақұрылымдық шешімдер қажет екенін атап өтті.

Сьюзан Пойнтер компанияның Қазақстанмен арадағы ықпалдастықты нығайтуға және келешекте бүкіл Орталық Азия аймағын қамтуға ниетті екенін жеткізді.

Кездесу аясында Қазақстанның Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ("ҰАТ" АҚ) мен Amazon Web Services арасында Outpost "бұлтты" технология шешімін сатып алу және оны QazTech платформасымен интеграциялау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойылды.

Бұл қадам жаһандық алпауыт елдердің дата-орталықтарын Қазақстанда орналастыруға және еліміздің өңірлік IT-хаб ретіндегі әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети