Тоқаев Антикор төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Антикор төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, алты айда 1 200 сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс қозғалып, 750 лауазымды тұлғаның қылмысы әшкереленді.

Президентке қылмыстық істерді тергеу барысы және келтірілген шығынды өтеу шаралары жөнінде ақпарат берілді. Соның ішінде елден заңсыз жылыстатылған қаржы активтерін қайтару туралы да айтылды.

Олжас Бектеновтің хабарлауынша, аталған шаралар аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жұмыстары жалғасуда. Қазақстанның Еуропа кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі конвенциясына қосылуы, жемқорлардың көлеңкелі табыстарын ашу ісіндегі тиімді әдістердің бірі болмақ.

Бұдан бөлек, Президенттің тапсырмасына сәйкес Агенттік "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, шенеуніктердің бизнеске заңсыз араласуын болдырмау жөніндегі қорғау тетіктері бойынша шаралар кешенін әзірледі.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын күшейтуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети