Тоқаев Антикоррупция қызметіне тапсырмалар берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Антикоррупция қызметіне тапсырмалар берді Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Алик Шпекбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің биылғы 7 айда атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы есеп берді. Агенттік төрағасы саяси мемлекеттік қызметшілер мен жауапты басшыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолданбағаны үшін қызметінен босатуға және нормативтік-құқықтық актілерді жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізуді қалпына келтіруге қатысты Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады.

Президент мемлекеттік органдардың жұмысына қызмет көрсету моделін енгізудің маңыздылығын атап өтіп, Агенттіктің азаматтық қоғам өкілдерімен бірге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық идеологиясын ілгерілету жөніндегі іс-қимылдарына оң баға берді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы 19 тамыз күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте жемқорлық қылмыстар үшін жауапкершілікті қатаңдатып, қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыруға қатысты берілген тапсырмаларды тезірек заң жүзінде іске асырудың қажет екенін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети