Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық қоғамға алауыздық тудыратын жалған арандатушылықтардың авторлары көп жағдайда шетелден әрекет ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық қоғамға алауыздық тудыратын жалған арандатушылықтардың авторлары көп жағдайда шетелден әрекет ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы түрлі бұрмалаулар немесе жалған және деструктив басылымдар көбейгенін мәлімдеді.
"Бірлігіміз бен ынтымағымызға нұқсан келтіруге бағытталған кез келген арандатушылықтарды табанды түрде тоқтату керек. Қоғамдық ортада түрлі бұрмалаулар немесе жалған, деструктив басылымдар санының айтарлықтай артқанын көріп отырмыз. Олардың авторларының басым көпшілігінің Қазақстанға еш қатысы жоқ, шетелден әрекет ете отырып, қоғамымызға алауыздық тұқымын себуге тырысады. Олардың сөздері мен әрекеттері сенімсіздік атмосферасын тудыруға, адамдар арасында алауыздық тудыруға, мемлекеттік қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол осындай тенденцияларды ескере отырып, арам пиғылды адамдардың әрекетімен қылмыстық немесе тұрмыстық сипатта болған кез келген оқиға ұлтаралық деңгейге өтіп, ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін баса айтты.
"Сондықтан біз саналы азамат бола отырып, радикализм, экстремизм және сепаратизмнің кез келген көріністеріне тойтарыс беріп, қатал, түптеп келгенде әділ болуымыз керек", - деді Мемлекет басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!