07 қараша 2022 | 13:30

Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" кенішіндегі оқиға туралы: Қатаң шаралар қабылдауға тура келеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнындағы апаттардың жүйелі сипат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнындағы апаттардың жүйелі сипат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осы орайда, тағы бір маңызды мәселе – еңбек қауіпсіздігі. Өткен аптада Қарағанды облысындағы шахтада жарылыс болып, 5 адам қаза тапты. Бірнеше адам жараланды. Мен марқұмдардың жақындарына көңіл айтамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы олардың отбасына тиісті көмек көрсету туралы тапсырма бергенін және жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілейтінін айтты.

"Өкінішке қарай, "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында апаттар жиілеп, қайталана беретін жағдайға жетті. Бұл – биыл адам өліміне алып келген екінші қайғылы оқиға. 2006 жылдан бері металлургия комбинатында 20-дан астам апат болып, 100-ден аса азамат қаза тапты.

Мемлекеттік органдар тарапынан бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, жағдай жақсармай отыр. Осыған орай жедел түрде қатаң шаралар қабылдауға тура келеді. Мен бұл жөнінде жуырда Қарағандыда сөйлеген сөзімде ескерттім. Кәсіпорынға кешенді тексеру жүргізу керек. Соның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен барлық экологиялық норма талаптарының сақталуына мән берілуге тиіс", - деді Президент.

Комбинаттың иесі техникалық жағдайды жақсартуға және жаңғыртуға жеткілікті дәрежеде инвестиция құйғанын анықтау маңызды, деді Президент.

"Бәлкім бұл жұмысқа зауыттың жағдайына шынайы баға беретін халықаралық компанияны тарту керек шығар. Мұндай қайғылы жағдай қайталанбауы үшін барлық қажет шараны қабылдау керек. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірі".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети