Тоқаев "АрселорМиттал Теміртаудағы" жалақы бойынша тапсырма берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиталл" компаниясының басқарма төрағасы Лакшми Митталмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиталл" компаниясының басқарма төрағасы Лакшми Митталмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президентке "АрселорМиталл Теміртау" компаниясының 2020 жылғы жұмысының нәтижелері мен 2021 жылға арналған жоспарлары туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында өндірістерді жаңғырту, экологиялық ахуалды жақсарту, өндірілетін өнім түрлерін кеңейту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы өндіріс қуатын жаңғыртуға және арттыруға тартылатын инвестициялар көлемін ұлғайту қажеттігін айтты. Кеме жасау, автокөлік өнеркәсібі және электротехникалық өндіріс салалары бойынша жаңа тауарлар шығару маңызды міндет болуы керек.

Әңгімелесу барысында тараптар атмосфераға бөлінетін қалдықтарды азайту, оның ішінде, аглоөнеркәсіпте, конверторларда, коксохимиялық өндіріс пен ЖЭО-2-де экологиялық жабдықтарды жаңғыртуға қатысты компанияның жоспарларына ерекше көңіл бөлді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндірістегі жарақат алу жағдайларын азайту, компанияның шетелдік және отандық жұмысшылары арасындағы еңбекақы көлемінің алшақтығына жол бермеу бойынша тапсырма берді.

Бейнебайланыс форматында өткен кездесуге Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro