15 шілде 2019 | 12:06

Тоқаев Арыстағы төтенше жағдайға кінәлі барлық шенеунікті жазалауды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы төтенше жағдайға байланысты кінәлі барлық шенеунікті жазалауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы төтенше жағдайға байланысты кінәлі барлық шенеунікті жазалауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Оқиғаның салдары өте ауыр. Бұл туралы айтып та керек емес. Қазір біз осы салдарды жоюға бар күш-жігерімізді жұмсадық. Әрине, қаланың басым бөлігі жарамсыз қалды. Қазір тергеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Президент Әкімшілігі комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесіне барлық кінәлілерді қатаң жазалау жөнінде ұсыныстар енгізгені жөн. Оның ішінде аса қауіпті объектілерге тікелей жақын жерде құрылыс салуға жауапсыз рұқсат берген азаматтық мемлекеттік қызметшілер де бар. Бұл жұмысты шұғыл жүргізу керек, 10 тамызға дейін тиісті ұсыныстар беріңіз. Барлық кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылуы тиіс және жазалануы керек", - деп тапсырды Тоқаев.

Ол Қорғаныс Министрлігі басқа да ұқсас объектілер бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізуі тиіс екенін атап өтті.

"Талдау қорытындысы бойынша ақпаратты 20 тамызға дейін енгізсін. Бұл оқиға жұмылдыру дайындығын ұйымдастырудағы кемшіліктерді, төтенше жағдайларды жою бойынша шараларды жоспарлаудағы және ұйымдастырудағы кемшіліктерді көрсетті. Осы оқиғадан сабақ алу керек. Мұндай жағдайлар қайталанбауы тиіс. Үкіметке төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға жауапты қызметтердің функционалдық дайындығы мен тиімділігін арттыру жөніндегі мәселені қарауы керек. Тиісті ұсыныстар бір ай мерзімде енгізілуі тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жарылыс салдарын жою жөніндегі барлық жұмыс оның жеке бақылауында болатынын атап өтті.

Тоқаев қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети