Тоқаев Асиф Али Зардариді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Асиф Али Зардариді сайлаудағы жеңісімен құттықтады фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардариді Пәкістан президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардариді Пәкістан президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Пәкістан Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Асиф Али Зардариге құттықтау жеделхатын жолдады.

"Сіз мол өмірлік тәжірибеңіз бен көреген саясатыңыздың арқасында еліңіздің одан әрі өсіп-өркендеуіне зор үлес қосатыныңызға сенімдімін. Біз Пәкістанмен арадағы шынайы достық пен өзара құрметке негізделген берік серіктестікті жоғары бағалаймыз. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін Өзіңізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз деп үміттенемін", – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардаридің бастамаларына табыс, ал Пәкістан халқына бақ-береке тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети