Тоқаев әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті.

Жиында Бас прокурор Берік Асылов, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов әскери және құқықтық тәртіпті сақтау шаралары, сондай-ақ әскерилер арасында жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстары туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар әскердегі құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары басшылары қызметінің түрлі аспектілері қарастырылды.

Президент заң мен тәртіпті одан әрі қамтамасыз етуге, әскердегі тәрбие жұмысын жетілдіруге, әскери қызметшілердің мерт болуына және жарақат алуына жол бермеу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети