Тоқаев Астана әкімі Қасымбекке бірқатар тапсырма берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Астана әкімі Қасымбекке бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жайында есеп берілді.

Президентке басты экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика сақталып отырғаны баяндалды.

"Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі - 7 айда 1,2 триллион теңге. Бұл былтырмен салыстырғанда 42,1 пайызға жоғары. Биыл жалпы құны 300 миллиард теңге болатын 55 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл бастамалар 3,6 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді", - деді қала әкімі.

Астана әкімі әлеуметтік нысандардың құрылысы, апат жағдайындағы ескі үйлерді бұзу, тұрғын үй алаптарын дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары туралы айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында елордада 1 қыркүйекте 28 мың оқушыға арналған 7 жаңа мектеп ашылды.

"Осы оқу жылында қалада 15 жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Былтырғы кезеңде 66 мың оқушыға арналған 24 мектеп, соның ішінде 16 "Келешек мектебі" ашылды. Жыл соңына дейін 4716 студентке арналған 8 жатақхана бой көтереді. Биыл Астанада 170 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырып, 1 миллионнан аса жасыл желек егу жоспарланып отыр", - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымына дайындық жайында мәлімет берілді. Үшінші жылу электр орталығының бірінші кезегін, сондай-ақ, "Тұран" және "Оңтүстік-Шығыс" газ стансаларын пайдалануға беру арқылы шаһардың жылыту қуаты 30 пайызға ұлғайған. Яғни қосымша 1100Гкал/сағат қуат өндіре бастады. Биыл "Тұран" стансасының екінші кезегін аяқтау жоспарланған. "Тельман" стансасының құрылысы жүріп жатыр. Екінші жылу электр орталығын кеңейту және "Оңтүстік-Батыс" газ жылу стансасын жобалау көзделіп отыр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және әлеуметтік сала нысандарын алдағы жылыту маусымына дайындау, жаңбыр суына арналған кәріз жүйесін реттеу, жол-көлік инфрақұрылымы мен абаттандыру мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети