Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады Фото: Ақорда сайтынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Астана" халықаралық қаржы орталығы жұмысының қазіргі нәтижелері, сондай-ақ Президенттің маусым айында АХҚО-ны басқару жөніндегі кеңестің отырысында берген тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді.

Қайрат Келімбетовтің айтуынша, АХҚО-да әлемнің 65 елінен 1500-ден аса компания тіркелген. Тартылған инвестицияның жалпы көлемі 6,9 миллиард долларға жеткен.

Astana International Exchange (AIX) биржасы арқылы 321 миллион доллардан астам акционерлік капитал және 2,1 миллиард доллар қарыз капиталы тартылды.

АХҚО соты мен Халықаралық арбитраж орталығы жалпы 1200-ден астам даулы мәселені қарастырған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) жуырдағы есебінде АХҚО-ның салық режимі салық ашықтығының жаһандық стандарттарына сай келеді деп танылғаны жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдің экономикалық дамуында "Астана" халықаралық қаржы орталығы маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, шетелдік инвестиция тарту жұмыстарын күшейту қажет екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети