31 қаңтар 2023 | 17:10

Тоқаев Астанадағы ЭКСПО аумағы қаңырап бос жатқанын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Астанадағы ЭКСПО аумағы қаңырап бос жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Тоқаев Астанадағы ЭКСПО аумағы қаңырап бос жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өзенге жаяу адам жүретін көпірлер салу керек. Мұндай өткел, әсіресе қазір салынып жатқан Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің маңайына қажет. Көлік жүруге болмайтын көшелер жөнінде талай рет айтылды. Бірақ қалада ондай бірде-бір көше салынған жоқ.

Жалпы, әлемдік тәжірибеде дәл осындай көшелер көптеп салынады. Бұл мәселені мұқият ойластыру керек. Білікті мамандарды тартып, оңтайлы шешім қабылдауға болады. Мысалы, бізде ЭКСПО аумағы бар. Бір қарағанда, өте әдемі жер. Бірақ қаңырап бос жатыр", - деді Тоқаев.

Президент шын мәнінде, оған жан бітіріп, жұрт жаппай демалатын орынға айналдыруға болатынын айтты.

"Қоғамдық кеңістікті дамытудың бірыңғай тұжырымдамасын қабылдаған жөн. Нысандарды жобалау және салу кезінде осы тұжырымдамаға сүйену қажеттігі заңды түрде бекітілуге тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети