05 маусым 2024 15:26

Тоқаев Астанадағы спорт орталығына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы SANA Sport орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы SANA Sport орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент елордадағы әлеуметтік нысандарды аралап көру барысында отбасылық SANA Sport орталығында болды.

Мұнда спорт, шығармашылық, білім бағыттары бойынша 29 үйірме жұмыс істейді. Сондай-ақ 29 жаттықтырушы және 25 жоғары білікті педагог еңбек етеді.

Мемлекет басшысына "Damu Development Group" консорциумы жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалар жөнінде мәлімет беріліп, SANA Sport кешені аумағындағы саябақты қайта жаңғырту жоспары таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтағы спорт залдарын, шығармашылық үйірме бөлмелері мен оқу кабинеттерін аралап көрді

Сонымен қатар, үйірмеге шеберлік дәрісін өткізуге келген шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Айару Алтынбекке сыйлық табыстап, сәттілік тіледі. Жас шахматшы бұған дейін Президентке хат жазып, кездесу жайында өтінішін жеткізген еді. Бүгін жүздесудің сәті түсті.

Суреттер: Ақорданың баспасөз қызметі

Кешенде 4 мыңнан астам баланың қосымша білім алуына жағдай жасалған. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан жеткіншектердің үйірмелерге қатысуына "Мереке" қайырымдылық қоры қолдау көрсетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 459.75   490.7   5.44 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети