08 қараша 2022 11:09

Тоқаев Атырау облысындағы жолдар туралы: Мекемелер өз жұмысын дұрыс орындамайды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: qaj.kz Фото: qaj.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысындағы жолдардың сапасыздығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысындағы жолдардың сапасыздығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент облыс жұртшылығымен кездесуінде жолдардың сапасы экономика мен халықтың өміріне тікелей әсер ететінін атап өтті.

"Облыстың инфрақұрылымын жақсарту қажет. Автокөлік жолдарының сапасы халықтың тұрмысына және экономикаға тікелей әсер етеді. Бұл сала Атырау облысында ақсап тұр. Жергілікті жолдардың 72 пайызы ғана орташа күйде. Мұны төмен көрсеткіш деуге болады.

Облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың сапасы да жақсы емес. "Атырау – Астрахань" күре жолын жөндеу жұмыстары баяу жүріп жатыр. Үкімет оны уақытылы және сапалы аяқтауды қамтамасыз етуге тиіс.

Жалпы, облыстағы шұрқ тесік жолдар талай рет жұрттың сынына ұшырады. Бірақ содан ешқандай нәтиже жоқ, тиісті мекемелер өз жұмысын дұрыс орындамайды. Ауданаралық, облысаралық жолдардың сапасы жақсармаса, аймақтарды дамыту туралы айтудың өзі қиын. Сондықтан, жол құрылысы менің жеке бақылауымда болады", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети