Тоқаев Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизиді қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизиді қабылдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ауғанстанды аймақтағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын және екі ел арасында сенім мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз Ауғанстанда орнықтылық пен қауіпсіздіктің орнауына мүдделі. Бұл аймақтың игілігі жолында ауған мемлекетінің әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді.

Өзара байланыстарды қалпына келтіру мақсатында Қазақстанның үкіметтік делегациясы Кабулға екі рет барды.

Нуриддин Азизи Қазақстанның халықаралық ұйымдарда Ауғанстан тақырыбын дәйекті түрде ілгерілетіп келе жатқаны және гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді. Ол ресми Кабулдың бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытатынын жеткізді. Бұл Ауғанстанда жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және аграрлық салалардағы, сондай-ақ геологиялық барлау мен цифрландыру бағыттарындағы ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды. Қазақстан компаниялары ауған аумағындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға дайын.

Қазіргі кезде Тургунди – Герат темір жол құрылысы салынып жатыр. Сонымен қатар Қазақстанның Ауғанстанға ауыл шаруашылығы өнімдері мен химия өнеркәсібі тауарларының экспортын ұлғайтуға мүмкіндігі зор.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети