Тоқаев Ауғанстан президентін Қазақстанға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Ауғанстан президентін Қазақстанға шақырды © almaty.tv

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қазақстан мен Ауғанстан басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешек перспективаларын талқылады.

Ауғанстан Президенті Қазақстанның ауған ішіндегі диалогты тұрақты түрде қолдап, еліміздің кең көлемде экономикалық көмек көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Ауғанстанға алдағы уақытта да жан-жақты қолдау көрсете беретінін растады. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Ауғанстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономикасы мен әлеуметтік инфрақұрылымын қайта қалпына келтіру жөніндегі халықаралық және аймақтық форумдардың жұмысына белсенді түрде қатысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанмен арадағы жан-жақты байланыстарды жандандыру мақсатында ерекше тапсырмалар бойынша елші дәрежесіндегі арнайы өкіл институты құрылғанын атап өтті. Осы жылдың бірінші жартысында Қазақстанға үкіметтік делегация келеді. Президенттер осы кездесу барысында нақты мәселелер мен ынтымақтастықтың басқа да бағыттары бойынша диалогты одан әрі жалғастыру жөнінде уағдаласты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ашраф Ғаниді үкіметтік делегациялар жасайтын келіссөздердің нәтижелерін бекіту және Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы өзара іс-қимылдың келешегін талқылау үшін елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети