16 тамыз 2021 | 11:24

Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты тағы бір кеңес өткізді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты жиын өткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты жиын өткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда қалыптасқан жағдайға байланысты кешелі бері екінші рет жиын өткізген. Жиынға Премьер-Министр Асқар Мамин, күштік құрылымдар: Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері, Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі басшылары мен Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қатысты.

"Ауғанстан Ислам Республикасындағы жағдайға байланысты Қазақстанның ұлттық мүддесін ескере отырып, шұғыл әрекет ету шаралары және біздің елдің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланған.

Президент құзырлы мекемелерге Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл осы елмен бұдан былайғы ынтымақтастық бойынша шешім қабылдау үшін аса маңызды", - делінген хабарламада.

 Айта кетейік, 15 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік органы басшыларымен Ауғанстандағы жағдай бойынша кеңес өткізіп, Ауғанстан Ислам Республикасындағы азаматтар мен дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға тапсырма бергені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети