Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді. Бұл туралы Президент Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді. Бұл туралы Президент Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткіздім. АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Ахуал мұқият бақылауда", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.
Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткіздім. АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Ахуал мұқият бақылауда
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) August 15, 2021
Кеше, 14 тамызда Сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшісі Әлімхан Есенгелдиев Кабулда жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады. Онда аз қызметкер қалды.
Еске салайық, Ауғанстанда үкіметтік күштер мен Қазақстанда тыйым салынған "Талибан" қозғалысының содырлары арасында қақтығыс жүріп жатыр. Соңғы айларда олар айтарлықтай көп аумақты иемденіп, ірі қалаларға шабуыл жасады. Эскалация АҚШ пен олардың НАТО-дағы одақтастары Ауғанстаннан әскерін шығарғаннан кейін басталды.
Бұған дейін шетелдік БАҚ өкілдері тәліптер Ауғанстан аумағының 90 пайызын бақылауына алғанын хабарлаған болатын. Осылайша, Ауғанстандағы ірі қалалардың ішінен Кабул мен Желалабад, Пәкістанмен шекарадағы Нангархар провинциясының орталығы ғана үкіметтің қолында қалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!