Тоқаев Әулиетау етегінде Мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Әулиетау етегінде Мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды тапсырды Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың І отырысында Мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды тапсыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың І отырысында Мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды тапсыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Ұлттық құрылтай Ұлытауда басталғаны дұрыс болғанын айтты. Оның айтуынша, киелі өлке Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бірліктің символына айналады.

"Осы орайда, мен тағы бір маңызды бастама көтергім келеді. Бұл жерде барлық рулардың таңбасы тасқа жазылған. Сол арқылы бабаларымыз ұлт бірлігін көрсеткен. Қаныш Сәтбаев "Еліміздің ту тіккен жері - Таңбалы тас" деген. Өкінішке қарай, қастерлі жазулар кейін әбден бүлінді. Ел азаматтары Ұлытауға ескерткіш қойып, тастағы таңбаларды жаңғыртты. Бірақ, бұл жеткіліксіз деп ойлаймын.

Мұнда қазақтың бірлігін әйгілейтін сәулетті нысан тұруы керек. Мен Әулиетаудың етегінде Мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды тапсырамын. Қасиетті өңірде көк байрағымыз асқақтап тұруға тиіс. Сол арқылы ұрпақтар сабақтастығы жалғасып жатқанын көрсетеміз. Тамыры терең мемлекеттігіміздің жаңа дәуірі басталғанын білдіреміз", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети