Тоқаев аумақтық қорғанысы туралы заңға қол қойды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев аумақтық қорғанысы туралы заңға қол қойды Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Заң Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы саласындағы мемлекеттік саясатының ұйымдық-құқықтық негізін қалыптастырады және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек, Заң аумақтық қорғанысты материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін реттейді. Қорғаныс министрлігіне тиісті функциялар бере отырып, аталған салаға мемлекеттік бақылау енгізілді.

Құжат аумақтық қорғаныстың тиімді жүйесін қалыптастыруға және төтенше жағдайлар кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Тиісті шараларды ұйымдастыруға және жеткілікті деңгейде қаржыландыруға байланысты бірыңғай тәсілдердің қағидаттары айқындалды.

Қазақстанда аумақтық қорғаныс күштері COVID-19 пандемиясы кезінде, сондай-ақ 2020 жылы Сардоба су қоймасындағы жарылыс салдарын жоюға, 2022 жылы Қостанай облысындағы орман өртін сөндіруге, 2024 жылы еліміздің солтүстік-батыс өңірлерінде болған су тасқынын еңсеруге жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети