Тоқаев ауыл шаруашылығы министріне бірқатар міндет жүктеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев ауыл шаруашылығы министріне бірқатар міндет жүктеді

Президент ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына аграрлық саланың биылғы он ай ішіндегі даму қорытындысы туралы баяндалды.

Министрдің айтуынша, есепті кезеңде негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Өнім өндіруде былтырмен салыстырғанда, ауыл шаруашылығы 8,2 триллион теңгеге жетіп, 5,4 пайызға артса, азық-түлік 9 пайызға ұлғайып, 3,1 триллион теңге болды. Ал агросектор тауарларының экспорты 4,7 миллиард долларға дейін өсті.

Президентке агроөнеркәсіп кешеніндегі жағдайды жақсарту үшін соңғы екі жылда қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді. Айналым қаражатын толықтыру және ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу үшін 5 пайыз мөлшерлемемен тікелей несие беріле бастады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемі 1 триллион теңгеге дейін ұлғайды. Оның 250 миллиард теңгесі ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдетілген лизинг беруге бағытталған. Биыл 25 мыңнан аса техника сатып алынды. Нәтижесінде машина-трактор паркінің тозу көрсеткіші 90 пайыздан 70 пайызға дейін төмендеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары қабылданады.

Саланы цифрландыру аясында "е-АӨК" бірыңғай цифрлық экожүйесін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл платформа субсидиялау, жер қорын басқару, егін, мал және балық шаруашылықтары бойынша көрсетілетін қызмет түрлерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді ортақ цифрлық арнаға тоғыстырады.

Кездесу соңында Президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту бойынша берілген тапсырмаларды сапалы орындау қажет екеніне назар аударды. Сондай-ақ, саланың тиімділігін арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети