Тоқаев: Азаматтар апат кезінде қалай әрекет ететінін білуге тиіс

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев: Азаматтар апат кезінде қалай әрекет ететінін білуге тиіс

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, маңызды мәселе жөнінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, маңызды мәселе жөнінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының пікірінше, азаматтарға, балалар мен жастарға өрт, су тасқыны, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерін мұқият, түсінікті тілмен жеткізу қажет.

"Олар апат кезінде қалай әрекет ететінін білуге тиіс. Сонымен қатар, күнделікті өмірде, тыныш уақытта қауіпсіздік шараларын ұдайы есте сақтағаны жөн. Көпшілікті табиғат аясында демалу, су айдынында шомылу, тауға шығу, ауа райы жайсыз кезде және басқа да жағдайларда көлік жүргізу сияқты азаматтардың денсаулығы мен өміріне қатер төндіретін сәттерде жауапкершілік танытуға үндеу маңызды", – деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети