Тоқаев БАӘ инвестициялар министрі Мұхаммед әл-Сувейдимен келіссөз жүргізді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
t.me/aqorda_resmi t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ инвестициялар министрі Мұхаммед әл-Сувейдимен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ инвестициялар министрі Мұхаммед әл-Сувейдимен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-конференциясы аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің инвестициялар министрі, ADQ холдингінің басқарушы директоры Мұхаммед әл-Сувейдимен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед әл-Сувейди екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамуына көңілдері толатынын айтып, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударды.

Мемлекет басшысы Конференция аясында Қазақстан мен ADQ және оның еншілес компаниялары арасында қол қойылған келісімдерді жоғары бағалады. Сондай-ақ, екіжақты байланыстардың қазіргі динамикасын сақтауға дайын екенін мәлімдеді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының аумағында жалпы қуаты 10 ГВт болатын төмен көміртекті энергетиканы дамыту жөніндегі меморандумға және қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының жобасы бойынша Үкіметаралық келісімге қол қоюдың маңыздылығы атап өтілді.

Президенттің пікірінше, AD Ports Group компаниясымен арадағы тұрақты серіктестік Ақтау және Құрық порттарын Каспий теңізіндегі басты теңіз хабына айналдыруда маңызды роль атқарады.

Сонымен қатар, кездесуде Presight пен "Самұрық-Қазына" қоры арасындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары, сондай-ақ, QazaqGaz және "Қазақстан темір жолы" компанияларының қатысуымен іске асырылатын жасанды интеллект саласындағы стратегиялық келісімдер талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторларға мемлекет әрқашан қолдау көрсететінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer