Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін марапаттады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы сауда-экономика саласы екіжақты байланыстардың басты бағыты саналатынын айтты. Бұл ретте екі елдің үкіметтеріне таяу келешекте сауда-саттық көлемін 1 миллиард долларға дейін жеткізу міндеті жүктелгенін еске салды.

Сонымен қатар Президент Стратегиялық инвестициялық жобалар туралы бірлескен мәлімдемеге сәйкес энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әмірліктердің Masdar компаниясымен жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірлескен жобаларды ілгерілету бойынша ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ AD Ports Group және Terminals Holding компанияларымен бірлесіп көлік-логистика желісі мен әуе тасымалы қызметтерін кеңейтуді көздейтін инвестициялық жобалардың жүзеге асырыла бастағанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында ақпараттық технологияларды дамыту бағытындағы ықпалдастық мәселесіне айрықша мән берілді.

Кездесу соңында Президент Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы достық пен ынтымақтасты нығайтуға зор еңбек сіңіргені үшін Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети