Тоқаев “Бағанашылдағы“ жағдайға араласты: балалар Алматыда қалады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев “Бағанашылдағы“ жағдайға араласты: балалар Алматыда қалады Фото ©️ Tengrinews.kz

"Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаевқа көшіру төңірегіндегі жағдайға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев араласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаевқа көшіру төңірегіндегі жағдайға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев араласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді.

"Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды", - деп жазды Руслан Желдібай.

Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталатыны айтылды.

Айта кетейік, 21 шілдеде Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін ерікті түрде көшіру соңы жанжалға ұласқаны белгілі болды.

Дүйсенбіде таңертең балалар үйінің қақпасына кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларын автобусқа отырғызу үшін көліктер келген. Алайда балалар үйінің кей тәрбиеленушілері автобустардың жолын бөгеп, алдына тұрып алды.

Оқиғаға полиция араласып, видеоға қарағанда, балалармен дөрекі қарым-қатынас жасаған. Кадрларда балалар үйінің тәрбиеленушілері оларды ұстамауды өтініп, жанжал шығарғаны көрінеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети