Тоқаев: Бандиттер мәйітханаларға шабуылдап, жақтастарының денесін алып кеткен

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев: Бандиттер мәйітханаларға шабуылдап, жақтастарының денесін алып кеткен Фото ©РИА Новости

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда бүлікшілер түнде мәйітханаға шабуыл жасап, қаза болған жақтастарының мәйітін алып кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда бүлікшілер түнде мәйітханаға шабуыл жасап, қаза болған жақтастарының мәйітін алып кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Террористердің қатысы барын сеніммен айта аламын. Оның ішінде Қазақстанға қарсы шетел содырлары бар. Бүлікшілердің түнде мәйітханаға шабуыл жасап, қаза болған жақтастарының мәйітін алып кеткені жай емес. Содырлар да соғыс алаңынан жақтастары мәйітін алып кетеді. Бұл әлемдік белгілі террористік топтардың қолданысындағы тәжірибе. Дәл осылай олар ізін жасырады. Біздің шекара аумағында бүлік жасап, билікті басып алу ойы болғаны айқын көрініп тұр", - деді Тоқаев ҰҚШҰ жиынында.

Тоқаев еліміз 30 жыл тарихында мұндай қиындыққа кездеспегенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети