07 наурыз 2023 | 12:19

Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылымын өзгертті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Akorda.kz Фото: Akorda.kz

2023 жылғы 1 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы" жарлыққа қол қойып, БҚДА функциялары мен құрылымына өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттік сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

2023 жылғы 1 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы" жарлыққа қол қойып, БҚДА функциялары мен құрылымына өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттік сайтына сілтеме жасап.

БҚДА атқаратын қызмет жаңа бағыттармен толықтырылды:

  • 1-1-бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • 3-1-алықаралық шарттарға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің монополияға қарсы органдарымен өзара іс-қимылды, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес хабарламалар, ақпарат беру туралы сұрау салулар жіберу, консультациялар жүргізу, тергеп-тексеру туралы хабардар ету жолымен жүзеге асыру";
  • 10-1 - Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі-Қор) және Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілетін қор ұйымдары өткізетін сатып алуды жүзеге асыру тәртібін келісу;
  • 10-1. 1 - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін келісу;
  • 44-1-Мемлекеттік басқарудың тиісті саласының (аясына) жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесімен келісу;
  • 60-1-Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда нарық субъектілерін мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарға келісім беру";
  • 82-1 - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобасына бизнес-жоспарды, республикалық мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, оның ішінде оларға бәсекелестікті қорғау саласына қатысты бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде келісу жеке әріптестердің мемлекеттік функцияларды іске асыруын қамтамасыз етуді көздейтін жобалар бойынша монополистік қызметті шектеу;
  • 84-1-өтініш берушілердің жүйелік проблемаларды талдау және анықтау".

БҚДА құрылымына мынадай өзгерістер енгізілді:

  • "Қаржы нарықтары және өзге де салалар департаменті" деген жолдағы "және өзге де салалар" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Әлеуметтік сала департаменті";
  • "Экономикалық интеграция басқармасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Халықаралық ынтымақтастық басқармасы";
  • "Бәсекелестікті құқықтық реттеу басқармасы" деген жолда "басқару" деген сөз "Департамент" деген сөзбен ауыстырылсын;
  • "Индустрия және мемлекеттік қолдау департаменті" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Индустрия, мемлекеттік қолдау және сатып алу департаменті".

Құжатқа 2023 жылдың 1 наурызында қол қойылып, қолданысқа енгізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети