Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Омаровты қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Омаровты қабылдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке Агенттік төрағасы ведомствоның бақылау функцияларын орындауы жөнінде, оның ішінде былтыр қабылданған монополияға қарсы шаралардың нәтижелері туралы есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа негізгі тауар нарықтарында шоғырлану деңгейін төмендету және «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа сәйкес жекешелендіру бағытында атқарылған жұмыстар жайында баяндалды. Агенттік монополияға қарсы 97 істі тергеп-тексеруді аяқтады.

Марат Омаров бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2025 жылға арналған жоспарды таныстырды. Монополиялық нарықтардағы бағаға бақылауды күшейту, тергеп-тексерулер мен нарықты талдаудың тиімділігін арттыру үшін заңнамаға тиісті өзгерістер әзірленді.

Агенттіктің цифрлық экожүйесін құру мен дамыту жоспарланып отыр. Бұл жасанды интеллект технологияларына негізделген ақпараттық-сараптамалық жүйені, цифрлық портал мен талдау құралдарын қамтиды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті ретінде отандық футболдың әлеуетін көтеру және еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау жоспарын таныстырды.

Кездесу соңында Президент бәсекелестікті дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети