Тоқаев: Бауырлас Түркия мен Орталық Азия елдері маңызды әріптеске айналып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев: Бауырлас Түркия мен Орталық Азия елдері маңызды әріптеске айналып келеді Фото ©REUTERS

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия мен Орталық Азия елдері Қазақстанның маңызды әріптесіне айналып келе жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия мен Орталық Азия елдері Қазақстанның маңызды әріптесіне айналып келе жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаевтың айтуынша, нарықтық экономиканың негізгі қағидаттарынан ауытқымай, өте сақ болу керек. Бұл тауар нарықтарына да, табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің тарифтеріне де қатысты.

"Инвестициялық климат туралы айтар болсақ, осындай күрделі жағдайда да біз Еуроодақтан, АҚШ-тан, Қытайдан, тек қаржылық қана емес, кең технологиялық құзыреттері бар басқа да елдерден инвестициялар көлемін сақтау және ұлғайту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсайтынымызды атап өткім келеді. Бауырлас Түркия мен Орталық Азия елдері маңызды сауда-инвестициялық әріптеске айналып келеді. 

Қалыптасқан байланыстар мен тізбектерді сақтай отырып, бұл дағдарыстан шығынсыз шығу керек. Бұл жұмысты жандандыру керек", - деді Президент.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесіп жатыр. Күн тәртібінде бизнестің құқығын қорғау, кәсіпкерлердің жаңа экономикалық саясатты іске асыруға атсалысу, шағын және орта бизнеске жүйелі қолдау көрсету мәселелері қарастырылатыны хабарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети