Тоқаев бай мен кедей арасы алшақтай түскенін ескертті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев бай мен кедей арасы алшақтай түскенін ескертті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде бай мен кедей арасындағы алшақтықты ескертіп, жаңа Парламенттің алдына міндет қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде бай мен кедей арасындағы алшақтықты ескертіп, жаңа Парламенттің алдына міндет қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өз сөзінде Президент алдымызда айрықша маңызды міндеттер тұрғанын айтты. Біз жан-жақты жаңғырту жұмысын күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық даму барысына тың серпін беруіміз керек. Еліміз ұзақ уақыт бойы қолайлы сыртқы ахуалға арқа сүйеп келді. Неше түрлі тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сенді. Атқарылған жұмыс туралы жалған есепке сенуге мәжбүр болды, деді Мемлекет басшысы.

"Алайда, аса маңызды, өзекті мәселелер назардан тыс қалды. Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес. Құқықтық әділетсіздік белең алды. Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті. Алдағы бес жылда Үкімет және Парламент осы негізгі мәселелердің шешімін табуы қажет. Біз еліміздің белдеуін бекемдеп тартуымыз керек", - деді Мемлекет басшысы.

Президент экономикада және әлеуметтік салада жылдар бойы жиналып қалған түйткілдер бар екенін айтты.

"Оның барлығын ретке келтіруіміз қажет. Сол үшін жұрттың бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ тиімді әрі қажетті шешімдер қабылдау керек болады", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети