Тоқаев "Бәйтерек" холдингі төрағасын қабылдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Президент "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына холдингтің былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижелері мен биылғы қызметінің стратегиялық бағыттарын іске асыру жоспары жөнінде есеп берілді.

Рустам Қарағойшиннің айтуынша, "Бәйтеректің" бизнесті қолдау ісіне қосқан жалпы үлесі шамамен 2,5 триллион теңгені құрайды. Компания экономиканың орнықты әрі сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, көлік және логистика, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы сияқты перспективті салаларға басымдық беріп, оларды кешенді түрде қаржыландыруға күш салуға ниетті.

Сонымен қатар Президентке компанияның бәсекеге қабілетті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жоспары туралы баяндалды. Басты мақсат – Қазақстанның барлық өңірінде шағын, орта және ірі бизнес жобаларын қаржыландыру көлемін ұлғайту. Шағын және орта бизнес бағыты бойынша шағын және моноқалалардағы, сондай-ақ ауылдардағы кәсіпкерлерге белсенді қолдау көрсетіледі.

Мемлекет басшысы аталған бағыттардағы жұмысты жандандыру маңызды екенін атап өтіп, жүктелген міндеттердің жоспарлы орындалуы еліміздің экономикасын нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға айтарлықтай мүмкіндік беретінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro