Тоқаев Бекетаевқа тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Бекетаевқа тапсырма берді Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің биылғы 9 ай ішінде атқарған жұмыстарының нәтижелері жөнінде есеп берілді.  

Әділет министрі Мемлекет басшысына коронавирус пандемиясымен күрес жұмыстарының жүргізілуі, соның ішінде, бірқатар заң жобаларының әзірлену барысы, олардың құқықтық сараптамасы мен Парламентте қаралуы туралы баяндады.

Марат Бекетаев Президентке биылғы наурыз-мамыр айларында енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты құқықтық мәселелерді түсіндіру жұмыстары жайында айтты. Осы ретте, адвокаттар мен заң жөнінде кеңес берушілердің үздіксіз қызметі қамтамасыз етілген, сот орындаушыларының жұмысы уақытша тоқтатылған. Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін барлық сот орындаушыларының жұмысы азаматтардың құқығын қорғауға, атап айтқанда, алименттерді өндіруге және еңбекақы төлемін қамтамасыз етуге бағытталды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот сараптамасы органдарының жұмысын жетілдіру жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрге азаматтардың құқықтарын қорғауға, нормативтік актілерді шығару қызметінің сапасын арттыруға, жаңа заңдарды және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді дайындау жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети