Тоқаев белгілі ғалым Талас Омарбековтің отбасына көңіл айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев белгілі ғалым Талас Омарбековтің отбасына көңіл айтты Талас Омарбеков. Фото:kaznpu.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі қоғам қайраткері, ғалым-ұстаз, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі Талас Омарбековтің қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Мемлекет басшысы Талас Омарбековтің отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Ұзақ жылдар бойы Абай атындағы Қазақ педагогика университетінде және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұстаздық қызмет атқарған Талас Омарбекұлы отандық ғылымның өркендеуіне елеулі үлес қосты. Тәуелсіз Қазақ елінің жаңа тарихын қалыптастыруға сіңірген еңбегі орасан зор. Бүкіл түркі дүниесін, ұлтымыздың шежіресін, Орталық Азия халықтарының өркениетке бет алған көшпелі мәдениетін терең зерделеді. Талас Омарбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың, әріптестері мен шәкірттерінің жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – делінген жеделхатта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети