21 шілде 2021 11:24

Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасына көңіл айтты

Серік Темірханұлы Бекбосынов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жариялады.

"Серік Темірханұлы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында қызмет етіп, жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі атанды. Жүрекке ота жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург ретінде еңбегі жоғары бағаланды. Көптеген адамның өмірін аман алып қалды.

Отанымызға адал еңбек етіп, өз ісінің білгір маманы ретінде соңына өшпес із қалдырған Серік Темірханұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды", - делінген жеделхатта.

Реклама
Реклама

Бұған дейін 2021 жылдың 20 шілдесінде белгілі кардиохирург Серік Темірханұлы Бекбосынов 41 жасында қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram