20 шілде 2021 14:20

Белгілі кардиохирург Серік Бекбосынов қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Темірханұлы Бекбосынов Серік Темірханұлы Бекбосынов

2021 жылдың 20 шілдесінде белгілі кардиохирург Серік Темірханұлы Бекбосынов 41 жасында қайтыс болды. Бұл туралы кардиохирургия орталығы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2021 жылдың 20 шілдесінде белгілі кардиохирург Серік Темірханұлы Бекбосынов 41 жасында қайтыс болды. Бұл туралы кардиохирургия орталығы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық мәліметі бойынша, Серік Темірханұлы - №2 кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі және жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі. Ол жүректің жасанды сол қарыншасын имплантациялау бойынша операция жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург ретінде Қазақстан кардиологтары қауымдастығымен марапатталған.

"Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" белгісімен, Ұлттық награда - "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

"Әріптестері мен пациенттері оны мейірімділігі мен кәсібилігі үшін жақсы көрді және құрметтеді. Жүрек орталығының ұжымы Серік Темірханұлының туған-туыстарына, жақындары мен достарына шын жүректен көңіл айтады. Ол туралы жарқын естеліктер жүрегімізде мәңгі қалады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети