Тоқаев бензин мен дизель отыны бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев бензин мен дизель отыны бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы бензин мен дизель отыны тарифтерін көтеру қажет екенін айтты. Сонымен қатар, мұндай өсімнен түскен қаражат делдалдардың кірісін арттыруға емес, жаңа мұнай-газ жобаларын жүзеге асыруға бағытталуы керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жанар-жағармайдың бағасын көтеру мәселесіне де дәл осылай қараған жөн. Түскен қаржыны делдалдар, яғни алыпсатарлар иемденіп кетпеуі қажет. Оны жаңа мұнай-газ жобаларын жүзеге асыруға және мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға жұмсау керек.

Сондықтан Үкімет мұнай өнімдерінің бағасын қайта қарау кезінде мемлекетке төленетін салықты арттыру жөнінде қосымша шаралар қабылдауға тиіс.

Жалпы, тариф саясаты бойынша Үкіметке тауарлар мен қызметтерді реттейтін "тұтынудың әлеуметтік нормасын" енгізу мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұл – халықаралық тәжірибе", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.24  course up  591.85  course up  6.49  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети